Меню KDT
МЕНЮ

logo.png?_=1643946471

Астана қаласы әкімдігінің "№25 орта мектеп" КММ

  • kz
  • ru
  • Астана қаласы N25 орта мектебіміздің «ЖАС САРБАЗ» әскери-спорт сыныптарының құрылғанына 20 жыл

    Бүгін Астана қаласы N25 орта мектебіміздің «ЖАС САРБАЗ» әскери-спорт сыныптарының құрылғанына 20 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында керемет іс-шара өтті.
    Мақсаты:
    Әлеуметтік патриоттық тәрбие мен интеллектуалдық, рухани, моральдық және физикалық даму процесінде оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру. Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс - шараға білім басқармасының құрметті қонақтары, Ұлттық Ұлан басқармасының өкілдері, кадет сыныптарының құрылтайшылары, ата-аналар, сондай-ақ «Жас Сарбаз» сыныптарының түлектері мен оқушылары қатысты.
    Ұлттық Ұлан мен мектеп оқушылары атыс қаруымен дефиле көрсетті, «Жас Сарбаздар» кадет хоры мен вальс биін орындады.
    Мектеп әкімшілігі Астана қаласының Білім Басқармасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының бас қолбасшылығы мен әскери бөліміне, сондай-ақ кадет сынып оқушыларының ата-аналарына үлкен алғысын білдіреді.
    Мектеп басшысы мен қонақтарымыз құттықтау сөздерін айтып алғыстарын білдірді. Мектебіміздің ұстаздары мен құрметті қонақтарына
    дипломдар, алғыс хаттар мен төсбелгілер табыс етілді.

    28.10.2022
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Рухани жаңғыру