Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны ерекше. Наурыз мерекесін ұлттық салт – дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектебімізде «Армысың, Әз Наурыз» атты іс-шара өтті. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді дәріптеуде әдістеме бірлестік ұстаздары өз өнерлерін паш етті.
Бүгін-15 Желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай “Менің мақтанышым-Тәуелсіздік!” сынып сағаты өтті. 91 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңын қабылдады. Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда. Ал ауқымды экономикалық және саяси реформалар еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруда.
Ата-аналарға арналған бірыңғай ашық есік күніне шақырамыз! Тақырыбы: Ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру Әлеуметтік педагог, педагог-психологиялық ұсынысы Ұстаздан кеңес “Әкелер”, “Аналар”, “Аталар мен Әжелер” мектебінің жұмысы
24-25 тамызда Астанада «Әділетті Қазақстан: адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбы аясында «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті
Мұғалім ретінде мектепке жұмысқа қалай орналасу керек? Сізге мұғалім болып жұмысқа орналасу үшін сіздерге педагогінің бос немесе уақытша бос лауазымы конкурсына қатысу қажет. Толық ақпаратпен видеоны көріп таныса аласыздар.